2025 жыл - Ақтау қаласы Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып белгіленді

2025 жыл - Ақтау қаласы Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып белгіленді

Әзірбайжан Республикасының Шуша қаласында ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысы өтті. Отырысқа ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ұйымға мүше мемлекеттердің өкiлдерi қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Мәдениет комитетінің төрағасы қатысты.

Кеңестiң қорытындылары бойынша Шуша декларациясына қол қойылды.

Құжатта ұйымның негізгі даму бағыттары айқындалған.

Сондай-ақ, 2025 жылға Түркі әлемінің Мәдени астанасы болып Қазақстанның Ақтау қаласы сайланды.

Мұнымен қоса, ТҮРКСОЙ-дың атаулы жылдары аясында 2025 жыл – Нұрғиса Тілендиевтің жылы болып жарияланды.