SpaceX Қазақстанның 2000 ауылдық мектебіне жоғары жылдамдықты интернетті қосу бойынша ынтымақтастықты ұсынды

SpaceX Қазақстанның 2000 ауылдық мектебіне жоғары жылдамдықты интернетті қосу бойынша ынтымақтастықты ұсынды

Бүгін Digital bridge форумының алаңында SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейер Қазақстанның шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты ұсынды.

SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналғанын атап өтті. Қазақстан компанияны өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

«Алдын ала келісім бойынша Starlink технологиясының көмегімен 2000 ауылдық мектепті жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарлануда», - деді Бағдат Мусин.

 

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

https://instagram.com/digital_ministry_kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.facebook.com/MDAI.KZ?mibextid=9R9pXO

https://youtube.com/@digitalministrykz?si=HVpY1NLIqzZkImcb

https://t.me/digital_ministry_kz