Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың коронавирус инфекциясымен жағдайға байланысты Ақмола облысының халқына үндеуі

Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың коронавирус инфекциясымен жағдайға байланысты Ақмола облысының халқына үндеуі

оронавирус инфекциясымен байланысты жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын өздерiңiз көрiп отырсыздар.

Бүгiнгi таңда, елде коронавирустың 288 тiркелген оқиғасы расталды, оның iшiнде бiздiң облысымызда — 9 фактi.

Осыған байланысты, 31 наурыз күнгi сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысының аумағында уақытша сипаттағы карантиндiк шектеу шаралары енгiзiледi.

Елорда маңы, атап айтқанда облыс аумағына инфекция таратудың ошағы болып табылатын Целиноград ауданы ерекше алаңдатушылық туғызуда.

Осы кезеңде Ақмола облысының аумағына транзиттiк жүк автокөлiгiн, сондай-ақ азық-түлiк тауарларымен, дәрiлiк заттарымен және медициналық бұйымдарымен, өндiрiстiк тауарларымен, соынмен қатар облыстың өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн материалдарымен тиелген жүк автокөлiктерiн қоспағанда, барлық автокөлiк құралдарының кiруiне және шығуына тыйым салынады.

Шектеу шаралары уақытында өз қызметiн тоқтатады: iшiнде азық-түлiк дүкендерi мен дәрiханалары барларды қоспағанда iрi сауда орталықтары, саябақтар, монша кешендерi, санаториялық-курорттық объектiлер, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлiк, автомобиль, тұрмыстық заттар мен құрылыс базарлары, сондай-ақ адамдар жаппай жиналатын басқа да объектiлер.

Азаматтар үй-жайларына келмейтiн, тапсырыстарды шығару мен жеткiзу бойынша тәулiк бойғы режимде қызмет көрсететiн объектiлердi қоспағанда, қоғамдық тамақтанудың объектiлерi жұмысын тоқтатады.

Дәрiханалар мен дәрiхана киоскiлерi жұмысын штаттық режимде жалғастырады.

Облыс тұрғындары өте маңыздылығы болмаса үйлерiнен шығуын шектеуi қажет, маска мен бiржолғы қолғап киiп, қолдарын антисептикпен жууы тиiс. 65 жастан асқан азаматтар өзiн-өзi оқшаулау арқылы режимдi сақтасын.

Жалпы, облыста тиiстi қызметтердiң карантин режимiн енгiзу үшiн дайындығы қамтамасыз етiлдi.

1500 адамға дейiнгi санымен аумақтық қорғаныс әскерлерiнiң бөлiмшелерiн арнайы шоғырландыру мүмкiндiгi дайындалды (әскери мiндеттiлердi арнайы жиындарға шақырту).

Жергiлiктi атқарушы органдардың, аумақтық қорғаныс бригадасының және жергiлiктi әскери басқару органдарының әскери мiндеттiлердi шақыруға дайындығы қамтамасыз етiлдi.

Облыс шекарасына кiреберiс жолдарда 8 блок-пост, ал облыс орталығының шекарасына 12 блок-пост орнату жоспарлануда.

Криминогендiк және қоғамдық-саяси жағдай күрделенген жағдайға арнайы жедел жоспарлар, сондай-ақ полиция департаментiнiң жиынтық жасағы мен Ұлттық ұланның 5510 ә/б әскери қызметшiлерi дайындыққа келтiрiлдi. Әрине, осы шаралардың барлығы танымал емес, олар кей жағдайда азаматтарымыздың құқықтарын шектейтiнi сөзсiз, алайда қазiргi аурудың қамту көлемiнiң жылдам таралуы жағдайында олар маңызды және қажеттi, себебi ол коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге және облыс тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталған.