Мемлекеттiк қызметтердi онлайн алыңыз, өзiңiздi және жақындарыңызды сақтаныз

Мемлекеттiк қызметтердi онлайн алыңыз, өзiңiздi және жақындарыңызды сақтаныз

Басқарма ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау, үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру жөнiндегi қызметтердi алу мүмкiндiгi туралы хабарлайды www.egov.kz ескерту.

Құжаттар тiзбесi: 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

2) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) және ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiктiң атауын, құрылыс мақсатын, әкiмшiлiк — аумақтық бiрлiкте (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы еркiн нысандағы анықтама-негiздеменiң электрондық көшiрмесi;);

3) ғибадат үйiн (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi жиналысының ғибадат үйiн (ғимаратын) салуға келiсу туралы шешiмiнiң (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) аумағымен шектесетiн (оның iшiнде шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) электрондық көшiрмесi.

Үйлердi,ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) кезiнде меншiк иесiнiң үйдi (ғимаратты) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеуге келiсiмi туралы хаттың электрондық көшiрмесiн ұсыну қажет (үй-жай жалға алынған жағдайда ұсынылады).

Құжаттарды қараудың жалпы мерзiмi және шешiмдi беру 30 (отыз) күнтiзбелiк күндi құрайды.