2023 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған INNOPROM ASTANA 2023 халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті.
Көрме ұлттық экспозициялар мен Еуразия өңірі елдерінің жетекші компанияларының өкілдерін жинады. Іс-шараға Беларусь, Қырғызстан және Ресей өкілдері, атап айтқанда, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, сондай-ақ Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин қатысты.
INNOPROM ASTANA 2023 көрмесінде түрлі компаниялардың көптеген инновациялық және перспективалы IT-шешімдері ұсынылды.
ҚР ЦДИАӨМ Tech Garden стенді шеңберінде Қазақстанның технологиялық және өнеркәсіптік компаниялары арасындағы көпір саналатын Tech Garden брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының резиденттерін таныстырғанын атап өту маңызды:
AARDVARK
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалана отырып, инспекциялау, авиациялық мониторинг және аэрофототүсірілім саласында маманданған.
ABiTech
RFID, GPS және IoT сияқты заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, активтер мен процестерді цифрлық басқаруға арналған жүйелерді әзірлейді және енгізеді.
AG TECH
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге және өндірістік процестерді цифрландыруға, сондай-ақ IT және радионавигациялық жабдықтарды жеткізуге және қызмет көрсетуге маманданған.
CT Solutions
Пайдалы қазбаларды өндіруде, технологиялық процестерді цифрландыруда және техногендік қалдықтарды өңдеуде жоғары технологиялық қызметтерді ұсынады.
Daedalus Mind Projects
Пайдалы қазбаларды өңдеу технологиялары және өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалау саласында маманданған.
Daitan
HSE (Health, Safety, Environment) салаларына баса назар аудара отырып, өндірістік процестерді цифрлық трансформациялауға маманданған.
Global Systems Products (JOLTAB)
Жаңа технологияларды қолдана отырып, GPS мониторинг және көлікті бақылау жүйесін ұсынады.
Kazprom Avtomatika
Жабдықтарды жобалау мен жеткізуді қосқанда, технологиялық процестерді автоматтандыру саласындағы қызметтердің толық циклін жүзеге асырады.
Intellect
Компьютерлік және мобильді электрониканы жөндеуге, соның ішінде BGA компоненттері бар құрылымдарды жөндеуге және басқа да күрделі міндеттерге шешуге маманданған.
Norsec Tech
Бизнес-процестерді оңтайландыруға ықпал ететін кешенді IT-шешімдерін және Flilia инновациялық шешімін ұсынады.
OST Engineering
Экология және еңбекті қорғау салаларында аспаптар мен бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге маманданған.
Smart Gas
Жанармай шығындарын азайту және бизнес-процестерді жеңілдету арқылы жанармай алаяқтығының алдын алу үшін технологиялық шешімдерді ұсынады.
Space Lab
Геостационарлық спутниктерді қолдана отырып, датчиктер мен IoT контроллері арасында деректерді беру үшін аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы әзірлейді.
Target AI
Жасанды интеллект және бұлтты есептеу технологияларына негізделген бейнебақылау және бейне талдау платформасын ұсынады.
INNOPROM ASTANA 2023 компанияларға өнеркәсіпте өз технологиялары мен инновацияларын таныстыруға, жаңа қарым-қатынасқа қол жеткізуге, жаңа нарыққа шығуға, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасуға айрықша мүмкіндік береді. Бұл оқиға стратегиялық серіктестердің тығыз ынтымақтастығын көрсетеді, бұған қоса, елдер арасындағы тауар айналымының одан әрі өсуіне ықпал етеді.