Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

📌Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына 5 күн қалды

🔹Жастарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда.

🔹Іріктеуге қатысуға өтінім берудің аяқталуына 5 күн қалды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін pkrezerv.gov.kz сайтында тіркеліп, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:

1️⃣ жоғары білім туралы диплом;
2️⃣ еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
3️⃣ В1 деңгейінен төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ бойынша жарамды сертификат.

❗️Тіркелу және өтінімді беру барысында сұрақтар туындаған жағдайда үміткер 24/7 жұмыс жасайтын pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo сайт немесе +7️⃣ 7️⃣0️⃣8️⃣ 0️⃣9️⃣6️⃣ 7️⃣0️⃣ 7️⃣0️⃣ нөмір бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.