«Global Project Excellence Awards» IPMA бүкіләлемдік байқауындағы «алтын марапат»

«Global Project Excellence Awards» IPMA бүкіләлемдік байқауындағы «алтын марапат»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдарда жобалық тәсіл енгізіліп, Ұлттық жобалар іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент құралдарын қолдануды ынталандырудың тиімді тәсілдерінің бірі тәжірибе алмасу үшін ұлттық жарыс алаңын құру болып табылады.

2020 жылдан бастап Президент Әкімшілігінің қолдауымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган) Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық конкурсын өткізеді.

2020 жылы өткізілген «Qazaqstan Project Management Awards 2020» байқауы, жоба «Global Project Excellence Awards» IPMA жобаларын жетілдіру жөніндегі дүниежүзілік байқауда «алтын марапатқа» ие болды, бұл Қазақстан Республикасында жобалық басқару бойынша қолданылатын тәсілдердің халықаралық сараптамалық қоғамдастығының жоғары бағасын көрсетеді.

«Qazaqstan Project Management Awards» Ұлттық конкурсын ұйымдастырудың тетігі мен тәсілі осындай конкурстардың және әртүрлі модельдердің, оның ішінде «Global Project Excellence Awards» IPMA дүниежүзілік конкурсы ретінде үздік әлемдік тәжірибе негізінде әзірленді.

 

Анықтамалық: Global Project Excellence Award IPMA – бұл халықаралық жобаларды басқару қауымдастығы (IPMA) өткізетін жыл сайынғы байқау, оған әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі салаларда жобаларды жүзеге асыратын ұйымдар қатысады.

IPMA жоба менеджерлері мен жобаларын ұсыну және марапаттау арқылы жобаны басқарудағы ерекше жетістіктерді атап өтеді. Бұл дүниежүзілік тану жоба менеджерлерін, жобаларды басқаруда үлгілі нәтижелерге қол жеткізген жобалар мен ұйымдарды қолдайды.

 

2023 жылы мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті енгізу шеңберінде «2020-2022 жылдар кезеңінде мемлекеттік басқаруда жобалық басқаруды енгізу бағдарламасы» 1-кезең жобасымен «Global Project Excellence Awards» IPMA бүкіләлемдік конкурсына өтінім жолданды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жобасы «шағын/орта жобалар» санатында финалға шықты және ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегінде Севилья қаласында (Испания) өткен осы беделді дүниежүзілік үздік жобалар байқауында «алтын марапатқа» ие болды.

«Global Project Excellence Awards» IPMA беделді дүниежүзілік конкурсында берілген жоғары баға, жобалық басқаруды мемлекеттік басқаруға енгізудің қазақстандық тәжірибесін халықаралық деңгейде мойындау және оның жалпыға бірдей танылған еуропалық стандарттарға сәйкестігі туралы айтады.