Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің және республикалық нотариаттық палатаның арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай-ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.
eGov мобильді қосымшасының «eNotary» қызметінде ерлі-зайыптылардың келісімін талап ететін құжаттарды ресімдеудің қосымша опциясы пайда болды. Келісім онлайн режимінде биометриялық тексеруден өту арқылы жасалады, содан кейін нотариус клиенттің деректерін тексереді, одан кейін келісімді растағаннан кейін нотариалды куәландырылған құжат жасалады.
Ерлі-зайыптылардың келісімін алу үшін:
- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;
- басты бетте «eNotary» қызметін ашу;
- тізімнен әрекет түрін таңдау - «келісім»;
- өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
- бейнеқоңырау арқылы жұбайының келісімін алу;
- нотариалдық қызметке ақы төлеу қажет.
Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. EGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.
Әлеуметтік желілерге белсенді сілтемелер: