
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Министрлікте «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Министрлік қызметкерлері, тіл жанашырлары, қазақ тілінің оқытушылары қатысты.
Қазақ тілінің мәртебесі мен оның мемлекеттік органда қолданылу аясы туралы сөз қозғалды. Қызметкерлер арасында «Өлеңмен өріп ойымды»,
«Сөз байлығың – өз байлығың», «Артық болмас білгенің» атты сұрақ-жауап түрінде сайыс өткізіліп, қызметкерлер қазақ тіліне деген құрметтерін өлең шумақтары арқылы білдірді. Сондай-ақ өз ой-пікірлерімен бөлісіп, аталған
іс-шараға жылы лебіздерін айтты. Қазақ тілінің аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін 15 мемлекеттік қызметші Аппарат басшысының алғыс хатымен марапатталды.