"РҒБО" АҚ мен "Нет Солюшенс" ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту шеңберінде "KazSat-3"ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Техникалық мәселелер пысықталды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша еліміздің 50-ге жуық шалғай ауылдарында Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.