Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылғы 16 cәуірден бастап 2020 жылғы 30 сәуірге дейін Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын уақытша тоқтатты.
Азаматтар басқарма басшысының атына жазған өтініштерін ҚР Электрондық Үкіметі (ЭЦҚ болған жағдайда) порталына жібере алады немесе мына байланыс телефоны бойынша хабарласа алады: 50-19-44.