2020 жылдың 14 сәуірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» орталығы ONLAIN-da bol жобасы аясында «ҚАЗТЕСТ» жүйесіндегі өзгерістер мен ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн семинар өткізді.
Аталған онлайн-семинарға Тіл басқармасының басшысы Г.Мендекинова, облыстағы тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Қазтест жүйесін жетілдіру басқармасының басшысы М.Мұхамедқали ағымдағы жылы облыстарда «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің бағдарламасымен жабдықталған арнайы кабинеттер ашуды және электрондық форматқа көшіру жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, Қазтесттің 150-ден тұратын сұрақтарын 100-ге дейін қысқаратыны жөнінде хабарлады.