Ұлыларды түлеткен, тарихы тереңнен бастау алатын, ұлттық тілге деген құрметтің дархан дәстүрі мен тілдік ортасы сақталған қасиетті Әулиеата жұртшылығын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз. Ана тілімізді, дана тілімізді жан аямай қастерлеуден асқан парыз жоқ! Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген осы жылдары қол жеткізген толағай табыстарымыз бен жетістіктерімізді, кемелді келешек құру жолындағы игілікті істерімізді бүгінде мақтан етеміз. Ендеше, елдік қасиетіміз бен ұлттық болмысызмыздың өлшемі болған Ана тіліміздің тұғыры биік, мерейі үстем болсын.
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы