2023 жылғы қаңтар-маусымдағы Астана қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы қаңтар-маусымдағы Астана қаласының демографиялық ахуалы туралы

2023 жылғы 1 шілдедегі Астана қаласы халқының саны 1383291 адамды құрады. 2022 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 60208 адамға немесе 4,6% өсті.
2023 жылғы қаңтар-маусымда Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 14669 туылғандар тіркелді, бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3% кеміді. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 21,38 туылғандарды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 2556 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 3,73 қайтыс болғандарды құрады.
2023 жылдың қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсімі 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 411 адамға немесе 3,5% көбейді.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 22,6%, жаңа өскін - 17,1%, тыныс алу органдарының аурулары - 9,2%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 6,7% алады.
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда елордаға 68169 адам келіп, 51547 адам кетті (көші-қон айырымы +16622 адам).
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2023 жылғы қаңтар-маусымда келгендер 37076 адамды, кеткендер 21032 адамды құрайды.

2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өлімнің негізгі себептері бойынша қайтыс болғандар

Пайызбен

Баспасөз хабарламасын жүктеу

 

www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласы бойынша департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Орындаушы:

Исмайлов Б.К.

Тел. +7 7172 32 82 05

Басқарма басшысы:

Исмайлов Б.К.

Тел. +7 7172 32 82 05

Баспасөз қызметі:

Тел. +7 7172 32 17 47

E-mail: depastanastat@mail.ru

Мекенжай:

010000, Астана қаласы,

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті