Астанадағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) орындалуы туралы

Астанадағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) орындалуы туралы

2023 жылғы қаңтар-шілдеде, кәсіпорындары мен ұйымдары 310532,6 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстарын (қызметтерің) орындады. Жалпы құрылыс көлемінің едәуір үлесін  85,1%  жеке меншік  мердігерлер, 14,9%  шетел мердігерлер жалпы көлемін орындады.
Құрылыс жұмыстары құрылымында жалпы көлемінің 94,7% құрылыс-монтаж жұмыстарына, 1,4% күрделі жөндеуге, 3,9% ағымдағы жөндеуге жатады.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде 1,2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардын құрылысы бойынша жұмыстар елеулі үлеске ие болды, олардың көлемі 99422,9 млн. теңгені (32%) құрады, 18675,7 млн. теңге (6%) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж  жұмыстарына игерілді.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Құрылыс ұйымдарына  -  жөндеу-құрылыс ұйымдарын қоса алғандағы, жалпықұрылыстық және мамандандырылған барлық ұйымдар жатады. Құрылыс ұйымдарының негізгі қызметі тапсырыс берушімен мердігерлік шарт бойынша мемлекеттік «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ)» сәйкес қызмет түрі «Құрылыс» қызметіне жататын жұмыстарды орындаудан тұрады.

Құрылыс жұмыстарының көлеміне жасалған мердігерлік құрылыс шарттары бойынша құрылыс қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар орындаған құрылыс жұмыстарының құны кіреді.

 

Баспасөз хабарламасын жүктеу

www.gov.kz / ҚР СЖРА ҰСБ Астана қаласының Статистика департаменті / Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шығаруға жауапты:

Құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасы

Басқарма басшысы:

Банная  Е.В.

Тел. +7 7172 32-19-23

Орындаушы:

Бекмагамбетов  Б.К.

Тел. +7 7172 32-08-57

Е-mail: ba.bekmagambetov@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Астана қаласы

Желтоқсан көшесі, 22

© Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті