Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылғы 1 шілдеге ағымдағы есеп бойынша Ақмола облысының халық саны 788677 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 443831 адам, ал ауылдық жерде – 344846 адам.
2023 жылғы қаңтар-маусымда Ақмола облысында 5446 туылғаны тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға азайды. Халықтың 1000 адамына шаққандағы туудың тұтастай облыс бойынша жалпы коэффициенті 13,92 туылғанды (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 14,32) құрады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда өлгендердің саны 3397 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 3792).
Көрсетілген кезең бойынша табиғи өсім 2049 адамды (2022 жылғы қаңтар-маусымда – 1787 адам) құрады.
Өлім себептері құрылымында жүйке жүйесінің аурулары басым болып тұр. 2023 жылғы қаңтар-маусымда осы аурулардан 1085 адам (өлімнің барлық себептерінен 32%), айналымы жүйесінің аурулардан 663 адам (19,5%), жаңадан пайда болған аурулардан 341 адам (10%), тыныс органдары аурулардан 291 адам (8,6%), жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 260 адам (7,7%), ас қорыту органдарының ауруларынан 202 адам (5,9%) қайтыс болды.
2023 жылғы қаңтар-маусымда 1 жасқа дейінгі 24 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі өлген нәрестелердің саны 31,4% азайды. Перинаталдық кезеңінде пайда болатын жағдайлар және туа біткен ауытқулардан нәресте өлімінің негізгі себебі болып, 2023 жылғы қаңтар-маусымда 6 нәресте өлімі тіркелді, немесе жалпы нәресте өлімінен 25%, тыныс органдары аурулардан 4 нәресте, немесе 16,7%, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 3 нәресте, немесе 12,5%. 2023 жылғы қаңтар-маусымда нәресте өлімінің коэффициенті 1000 тірі туылғандарға 4,41 оқиғаны құрады.
Ақмола облысы бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда көші-қонның айырмасы теріс мәнді болды да 1385 адамды құрады. Жақын шетелден келгендердің үлесі – Ресей (222 адам), Қырғызстан (12 адам), Өзбекістан (10 адам), Туркменистан (7 адам) және Украина (5 адам) елдерінен, алыс шетелден келгендер – Монголия, Қытай және Германияға (32, 7 және 7 адам, тиісінше) жатады
Әдіснамалық түсініктемелер:
Халықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.
Туудың жалпы коэффициенті кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді (1000 халыққа шаққанда).
Нәресте өлімінің коэффициенті 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі (1000 тірі туғандарға).
Республика өңірлеріне келгендер мен олардан кеткендер саны Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі комитетінен келіп түсетін халықты тұрғылықты жері бойынша есепке алған кезде толтырылатын келгендер мен кеткендердің статистикалық есеп талондарын әзірлеу нәтижесінде анықталады.
Көші-қон айырымы - есепті кезеңде өңірге көшіп келгендер саны мен одан көшіп кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.