Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

Алдын ала деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара сауда көлемі 310,5 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде импорт – 63 млн. АҚШ доллары, экспорт – 247,5 млн. АҚШ доллары.

Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдерімен тауар айналымының жалпы көлемінде ең үлкен үлес салмақты Ресей Федерациясы – 97,3% алады. Беларусь Республикасына – 2%, Армения Республикасына – 0,5%, Қырғыз Республикасына – 0,2% келеді.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Еуразиялық экономикалық одақтың өзара саудасы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы сауда.

Тауар импорты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің материалдық қорларын көбейтетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарларды əкелу.

Тауар экспорты – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің материалдық қорларын азайтатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды əкету.

Солтүстік Қазақстан облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы