Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

2023 жылғы қаңтар-шілдеде  өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1944 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 100,2%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар- шілдеде  1733,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,1%-ды құрады. Газ конденсаты 0,4 %-ға азайды.

Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 161,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 21,3%-ға жоғары. Тамақ өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 35,6% тиесілі.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде 55796,1 млн. теңгенің тамақ өнімдері, 1599,9 млн. теңгеге сусындар өндірілді. Ауыл шаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу 17,8%-ға, сусындар өндірісі 8,2%-ға, өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру 6,8%-ға өсті.

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру (сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған) 4384 млн. теңгеге өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне нақты көлем индексі 447,3%-ды құрады.

Қағаз және қағаз бұйымдарының өнімдерін өндіруде 300,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 146,9%-ды құрады.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғыртуда 450 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне нақты көлем индексі 106,2%-ды құрады.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 14291,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 119,2%-ды құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруде 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі 6076 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 76,3%-ды құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі
5723 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар- шілде деңгейіне 88,7%-ды құрады.

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіруде 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі
11976,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 97,6%-ды құрады.

Металлургия өндірісінде 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі 14139,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 128,3%-ды құрады.

Машина жасауда 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі 36186,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар- шілде деңгейіне 130,3%-ды құрады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 91,8%-ды құрады.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 107,8%-ды құрады.

 

 

 


Өнеркәсіптік өндіріс индексі - бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Жедел деректерін нақтылау жылдық статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы / Батыс Қазақстан облысы

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Гумарова А.Ш.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел.: +7 7112 50-82-59

Орал қаласы

 

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті