2023 жылғы қаңтар-шілдеде Жамбыл облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 106,8% құрады

2023 жылғы қаңтар-шілдеде Жамбыл облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 106,8% құрады

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 2022 жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда 106,8% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖӨӨ-нің 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 241004,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда 15,9% артық.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 510116,5 млн. теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілдедегіге қарағанда 7,8% артты. Өндіріс өсімі тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда (14,2%), өңдеу өнеркәсібінде (8,2%) байқалды.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 161899,4  млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы  сәйкес кезеңге қарағанда 2,3%-ға артық.

Аталған кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 119594,2 млн. теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілдедегіге қарағанда 32,4% артты.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 99,2% құрады.

Талдау жасап отырған кезеңде көліктің барлық түрімен 25658,9 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,3%-ға кем. Осы кезеңде 33445 мың жолаушы тасымалданып, алдыңғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға көбейді.

Аталған кезеңде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 108,4% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102% құрады.

Бөлшек сауда көлемі (салыстырмалы бағада) 260110 млн. теңгені, немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 103,8% құрады.

Биылғы жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі (салыстырмалы бағамен) 223025,1 млн. теңгені немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге 100,2% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 15206 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5% артты, оның ішінде қызметкерлердің саны 100 адамнан кем – 14828 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 12136 бірлікті құрады, оның ішінде 11758 бірлік (100 адамнан кем) шағын кәсіпорындар.

Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы шілдеде маусымдағымен салыстырғанда 100,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 0,1% арзандап, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 0,8% қымбаттады. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 0,2% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2023 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары  (алдын ала деректер) 121857 теңгені құрады, бұл 2022 жылғы I тоқсандағыға қарағанда 21,2% артық, нақты ақшалай табыс осы кезеңде 1,5% өсті.

2023 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 291861 теңгені құрады.

Жұмыссыздар саны 2023 жылғы II тоқсанда 27384 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы шілденің соңына 19200 адамды немесе жұмыс күшіне 3,3% құрады.

Баспасөз хабарламасын сақтау