Халық саны
2023 жылғы 1 шілдеге облыстағы халық саны 788,7 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 443,8 мың адам (56,3%), ауылдықтар – 344,9 мың адам (43,7%).
2023 жылғы қаңтар-маусымда халықтың табиғи өсімі 2049 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде – 1787 адамды құраған). 2023 жылғы қаңтар-маусымда жаңа туған сәбилер саны 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 2,4% кем, өлгендер – 10,4% кем тіркелді. Көші-қонда жағымсыз айырым қалыптасып, -1385 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда – -1769 адам), соның ішінде сыртқы көші-қонда – -137 адам (-562 адам), ішкі көші-қонда – -1248 адам (-1207 адам).
Тұрмыс деңгейі
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 148291 теңгені құрады. Атаулы ақшалай табыстар 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 16,3% өсіп, нақты ақшалай табыстар 3,9% кеміді.
Еңбек нарығы және еңбекақы
2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 20,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы шілденің соңына 5,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,3%.
2023 жылғы II тоқсанда бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы (есепті кезеңде есеп берген кәсіпорындар шеңбері бойынша, шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 298021 теңгені құрады, бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңнің деңгейінен 19,2% жоғары.
Баға статистикасы
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,3% құрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға бағалар – 106,5%, азық-түлік емес тауарларға – 105,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 107,4%. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5% артты.
Кәсіпорын статистикасы
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2023 жылғы 1 тамызда 15117 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 0,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14788 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12203 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11878 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11766 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7% артты.
Сауда
2023 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 208353 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,8% артты.
Көтерме сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылғы сәйкес кезеңге 99% немесе 374884,9 млн. теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтар-маусымда алдын ала деректер бойынша ЕАЭО елдерімен өзара сауда 315353,6 мың АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7% азайды, оның ішінде экспорт – 92453,4 мың АҚШ доллары (21% артық), импорт – 222900,2 мың АҚШ доллары(14,2% азайды).
Экономиканың нақты секторы
Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2023 жылғы қаңтар-наурызда 687254,4 млн. теңге құрады. ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеруінің индексі 2022 жылғы қаңтар-наурызға 109,1% құрады. Облыстың ЖӨӨ көлемінде ең жоғары үлестік салмағын өнеркәсіп – 35,1%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 12,7%, көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 8,3% алып тұр.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағамен 977309,1 млн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,6% құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңге тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 122,4%, өңдеуде – 113,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 120,3%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 94,6% құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі жалпы өнімдерінің (қызметтер) көлемі 228989 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,3% артты.
Құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 98591,1 млн.теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілде деңгейіне 124,3% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 15459,4 млн. т-км (автомобиль көлігінде жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды) құрап, 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 19,1% азайды. Жолаушылар айналымының көлемі 740,6 млн. ж-км құрап, 19,5 азайды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 331707,5 млн. теңгені немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңге 111,6% құрады.