Өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,6% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,6% құрады

2023 жылғы қаңтар-шілдеде облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 977,3 млрд. теңгеден артық сомасына өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 15,6% жоғары.

Өндіріс көлемінің өсуі облыстың 11 ауданында тіркелді, төмендеуі - Жарқайың (56,5%), Егіндікөл (70,1%), Жақсы (78%), Сандықтау (82,1%), Біржан сал (82,8%), Ақкөл (93,8%), Ерейментау (86,5%), Целиноград (92,3%) аудандарында және Қосшы (83,5%) қаласында байқалды.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 11,6% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 2023 жылдың қаңтар-шілде айында 113,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 22,4% жоғары.

2023 жылдың қаңтар-шілдесінде өңдеу өнеркәсібінде 771 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 13,9% жоғары. Өңдеу өнеркәсібінің 16,3% тамақ өнімдерін өндіруіне келеді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 110,2% құрады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 86,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 0,6% құрайтын сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 2023 жылдың қаңтар-шілдесінде 6 млрд. теңгеге өнім өндірілді.