Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 208353 млн. теңгені құрады,бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 8,8% көбейді.
Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 36% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 64%. 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 10,7%-ға азайды, азық-түлік емес тауарлар 23,3%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде сауда кәсіпорындарының тауарларды өткізу көлемі 120480,4 млн.теңге болды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде облыстағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлесі Көкшетау қ.ә. (57,7%), Бурабай ауданы (9,8%), Степногорск қ.ә. (5,4%) және Атбасар (4,4) ауданына тиесілі.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда тауар айналымы 374884,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға азайды.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну және көлік құралдарына және мотоциклдерге техникалық қызметтер, жөндеу бойынша қызметтер көлемі 14312,7 млн. теңгені құрады.