2023 жылғы 1 шілдеге облыс халқының саны 729,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 484 мың адам (66,4%), ауылдықтар – 245,4 мың адам (33,6%).
Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-маусымда 395 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 270 адам). 2023 жылғы қаңтар-маусымда жаңадан туылған сәбилер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 4,6%, шетінегендер 7,7% кем тіркелді.
Теріс көші-қонның айырмасы қалыптасты және -1283 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-маусымда -1757 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – -235 адам теріс көші-қон айырмасы (-877), ішкі көші қонда теріс көші-қонның айырмасы – -1048 (-880 адам).
2023 жылғы I тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 180864 теңгені құрады. Атаулы ақшалай табыстардың өсімі 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 20,9%, нақты ақшалай табыстар 0,7%-ды құрады.
2023 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны 18,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,7% құрады. 2023 жылдың 1 тамызында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8374 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 2,2% болып қалыптасты.
2023 жылғы II тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 336045 теңгені құрады, өсім 2022жылғы II тоқсанға 19,1% құрады. 2023 жылғы II тоқсанда нақты жалақы индексі 102,7% құрады.
Тұтыну баға индексі 2023 жылдың шілдесінде 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,4% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,4%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,9%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 5,8% өсті.
2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 2% төмендеді.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 14940 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 1,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14593 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11410 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 11065 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 12219 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,6% артты.
2023 жылғы қаңтар-шілдедегі бөлшек сауда көлемі 596483,6 млн.теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 3,8% көп. 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі көтерме сауда көлемі 483049,0 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады. Алдын ала деректер бойынша 2023 жылғы қаңтар-мамырда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 853,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 19,2% кем, оның ішінде экспорт – 2140,7 млн. АҚШ долларын (10% кем) , импорт – 639,1 млн. АҚШ долларын құрады (21,9% кем).
2023 жылғы қаңтар-наурыздағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 1009662,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 6% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 52,1%, қызметтер көрсету – 39,3% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1391547,6 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,3% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 4,4% өсті; электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда өндіріс көлемі 6,3%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 15,4% төмендеді.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 181761,7 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 11,7% көп.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 120473,1 млн. теңгені немесе 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 105,9% құрады.
2023 жылдың қаңтар-шілдесінде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 4403,8 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 137,2% құрады. Жолаушы айналымының көлемі - 1111,8 млн. жкм-ді құрады, немесе 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 125,8% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 296750,0 млн. теңгені немесе 2022 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 110,1% құрады.