2022 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің өсуі 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарымен және өндірістерімен 1391,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 5,3% құрайды. Өнеркәсіп өндірісі индексінің көрсеткіші 2022 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейге қатысты алғанда 104,3% бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (88,4%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру 6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 5,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5% құрады.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 83,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 7,2% жоғары. Металл кендерін өндіру көлемі 8,2%, табиғи газ өндіру көлемі 91,6%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 1,3% артты.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде өңдеу өнеркәсібінде 1229,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 104,4% құрады. Металлургия өндірісінде 3,1%, тамақ өнімдерін өндіруде 3,3%, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде 9,9% өндіріс көлемінің артқаны байқалады.
Электр энергиямен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 71,1 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 93,7% құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда 6,1%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 7,9% өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 15,4% төмен. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жаратуда (қалпына келтіруде) 47,2% кеміді.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты дәстүрлі түрде облыс орталығы алады (жалпы көлемінің 77,6%), Риддер қаласының өнеркәсібімен облыстық өнім көлемінің – 7%, Шемонаиха ауданында – 5,4%, Глубокое ауданында – 3,7%, Ұлан ауданында – 2,6%, Алтай ауданында – 1,8% өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.