Шығыс Қазақстан облысындағы бөлшек сауданың жай-күйі туралы

Шығыс Қазақстан облысындағы бөлшек сауданың жай-күйі туралы

2023 жылғы қаңтар-шілдеде жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 3,8% өсті және 596,5 млрд. теңгенi құрады.

Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Шығыс Қазақстан облысы 4-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 6,3% құрады.

Бөлшек сауданың негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 73,2% құрады және 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 28,3% артты.

Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1% артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 26,8% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 65,5% азық-түлік емес тауарлары, 34,5% азық-түлік тауарлары құрайды.

Сауданың едәуір көлемі Өскемен қаласына – 484,7 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының  81,3% тиесілі. Риддер қаласына және Алтай ауданына тиісінше 4,6% және 3,8%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 3,6% (Глубокое ауданы) 0,3% дейін (Самар ауданы) ауытқиды.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 483,0 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 106,6% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 70,5%, азық-түлік тауарлары – 29,5% құрайды.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Бөлшек сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де  пайдалануға арналған тауарларды сатып алушыға сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

 

 

Баспасөз-хабарламасын жүктеу