Моңғолияда ғалым Қауымдас Әшімұлының кітабы жарық көрді

Моңғолияда ғалым Қауымдас Әшімұлының кітабы жарық көрді

Моңғолияда доктор, профессор Қауымдас Әшімұлының жаңа кітабы “Китаб” баспасында жарық көрді, деп хабарлады Kaznews.mn.

Кітап «Сирек жер элементтері-2» деп аталады. Мұнда зерттеу нәтижелері бұрын соңды жарияланған кітап, газеттер мен журналдардағы мақалалар мен сұхбаттардан басқа, шетелдік технологиялармен байытылған ауқымды және ұзақ мерзімді зерттеу мақалалары жарияланған.

Мамандардың айтуынша, Қауымдас Әшімұлының еңбегі қазіргі уақытта сирек жер элементтері жобасын зерттеуді қолға алып жатқан Моңғолия мемлекеті үшін өте пайдалы болмақ.

Қауымдас Әшімұлы – Моңғолиядағы сирек жер элементтері, олардың ашылуы, пайдаланылуы, ресурстары, өндірісі мен технологиясы бойынша көп жылдар бойы зерттеулер жүргізген сирек ғалымдардың бірі.

Ол өзінің «Құрамында сирек жер элементтері бар кенді байыту әдісі» еңбегі бойынша 1992 жылы Моңғол Халық Республикасының жаңа өнертапқыш авторы атанған.