Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығындағы жағдай

Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығындағы жағдай

Облыста 2023 жылдың IІ тоқсанында1) Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі, яғни табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын болғандар бойынша тоқсандық мәндегі көрсеткіш 4,9% құрады.

Облыс экономикасының салаларында 2023 жылдың IІ тоқсанында 332586 адам жұмыспен қамтылды, олардың 243858 (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 73,3%) жалдамалы қызметкер болса, 88728 адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 26,7%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 66,4% құрады.

Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі ауыл, орман және балық шаруашылығы (14,4%), білім беру (13,9%), көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (13,6%) және өнеркәсіп (10,7%) салаларында байқалды. Жалпы 2023 жылдың IІ тоқсанында облыста 17255 жұмыссыз адам болды.

15 пен 34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады. NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 4,7% құрады.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша 2023 жылдың шілде айының соңына 17728 жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 5,1%-ын құрады.

 

1) Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу мәліметтер

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

 

 

 

 

 

 

www.new.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы / Батыс Қазақстан облысы

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Алимова А.Е.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел.: +7 7112 50-53-07

Орал қаласы

 

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті