Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

2023 жылғы II тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономиканың әртүрлі салаларында 371,3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардан 303,8 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 81,8%) жалдамалы қызмет бойынша, 67,5 мың адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 18,2%) өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде жұмыс істеді.

Жалдамалы жұмысшылар арасында 3,2 мың адам уақытша жұмысқа (белгілі бір мерзімге), 0,1 мың адам белгілі бір жұмыс көлеміне жұмысқа қамтылды.

Қысқартылған кесте (жұмыс көлемінің азаюы, жұмыс берушінің бастамасы, икемді кесте) бойынша 0,7 мың адам жұмыс істеді.

Жұмыссыздар саны 18,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайызды құрады.

15-24 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,2 пайызды, 15-34 жас аралығындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2 пайызды құрады.

Жұмыссыз, бірақ белсенді жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны 0,4 мың адамды құрады.

 

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы органдарында 2023 жылғы II тоқсанның аяғында 10,2 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 2,7% құрады.

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Жұмыспен қамтылған халық –бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде келесі: «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» немесе «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылған тұлғалар.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Баспасөз-хабарламасың жүктеу