Батыс Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы

Батыс Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы

2023 жылғы 1 шілдеге облыс халқының саны ағымдағы есеп бойынша 691,1 мың адамды, оның ішінде қалада 389,3 мың адам (56,3%)  және 301,9 мың адам (43,7%) ауыл тұрғындарын құрады.

Облыс халқының жалпы саны 2023 жылдың қаңтар-маусымында 2996 адамға, соның ішінде қала халқы 2487 адамға , ауыл халқы 509 адамға көбейді.  

2023 жылғы қаңтар-маусымда АХАТ органдарында 5928 туылғандар тіркелді немесе 2022 жылғы
қаңтар-маусымдағыдан 0,1%-ға артты. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 17,30 туылғанды құрады.
Дүниеге келген сәбилердің 3127 облыс орталығында тіркелген, бұл барлық туылғандардың 52,7% құрады.

2023 жылдың қаңтар- маусымында облыс бойынша өлгендер саны 2648 адамды құрады, немесе 2022 жылдың осындай кезеңіндегіден 10,6%-ға азайды. Жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,73 адамды құрады. 2023 жылғы қаңтар- маусымда 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 53 (2022 жылдың қаңтар-наурыз- 69) , өлім коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,94 адамды құрады.

2023 жылғы қаңтар - маусымда облыс бойынша тіркелген неке саны 1603 (2022 жылдың қаңтар- маусымда - 1644), ажырасу саны азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының мәліметтері бойынша (некені  бұзу туралы сот шешімдері есебінсіз) 265 (2022 жылдың қаңтар- маусымда - 284) құрады.

2023 жылғы қаңтар- маусымда облыс бойынша келгендер саны 12563 адамды немесе 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 113,2%, кетушілер саны сәйкесінше 12847 адам немесе 105,4% құрады. Халықтың көші-қон қозғалысында теріс сальдо 284 адамды, оның ішінде халықаралық алмасу бойынша +392 адамды, облыс аралық алмасу бойынша       - 676 адамды құрады. Облысішілік алмасу бойынша облыстың қалалық қоныстарына ауылдықтар ағыны 5552 адамды құрады.

 

_____________________________________________________________________________

Халық саны осы берілген уақыт мезетінде осы аумақта тұрып жатқан адамдар саны.

Туудың жалпы коэффициенті - жыл бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді.

Өлімнің жалпы коэффициенті - жыл бойына өлгендердің жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді.

Нәресте өлімінің коэффициенттері - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz / Өңірлер / Батыс Қазақстан облысы / Ресми статистика / Демографиялық статистика

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Филатова О.А.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел. +7 7112 51-40-17

Орал қаласы

 

Мухита көшесі, 50/1

 

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті