Астанада спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан Республикасының алғашқы біріншілігінің ақтық сайысы өтті

Астанада спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстан Республикасының алғашқы біріншілігінің ақтық сайысы өтті

Кеше, 7 тамызда Елордада спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионатының финалы өтті.

Чемпионатқа 3450 адам тіркелді. Екі іріктеу кезеңі өткізіліп, нәтижесінде ақтық сайсықа үздік 40 бағдарламашы қатысты. Чемпионаттың жүлде қоры-3 000 000 тг қаржыны құрады.

Қазақстан чемпионаты финалының ойындары алғаш рет YouTube-те онлайн көрсетіліп, оны 823 адам тамашалады. Сондай-ақ, чемпионатқа дайындық кезеңдері, Freedom broker бас серіктесінің тұсаукесері және салтанатты жабылуы онлайн режимінде қолжетімді болды. Сілтемесі: https://www.youtube.com/@cpfedkz/streams

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин марапаттады.

«Бұл бастаманы іске асыру бағдарламалау бойынша жарыстарды танымал етуге, сондай-ақ жастардың зияткерлік спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  жас мамандар жаңа технологиялар заманында көштен қалмас үшін олардың бәсекеге қабілетті болуы жолында қажетті білім, біліктілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Осындай бәсекелер IT саласында білімді мамандар қалыстастыруға бастама бола отырып, сонымен қатар, болашақта біздің елімізде цифрлық экономиканы дамыту бағытында кадрлық әлеуетті қамтамасыз етуге серпін береді»,- деп атап өтті Асқар Жамбақин.

Анықтама: 2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Нью-Йорктегі Digital Nomads Kazakhstan IT-қауымдастығының өкілдерімен кездесуі өтті, жиында Қазақстандағы IT-саланы дамыту перспективалары мен ағымдағы әлемдік трендтер (жаңашылдқытар) талқыланды. Атап айтқанда, соның ішінде спорттық бағдарламалау жобаларын құру туралы да бастама көтерілді.

2023 жылдың ақпан айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолдауымен Digital Nomads Kazakhstan өкілдерінің және елдегі спорттық бағдарламалау саласындағы жетекші мамандарының қатысуымен спорттық бағдарламалау федерациясы құрылды.

Ұйымның негізгі мақсаты – спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, бұдан бөлек, оқыту, жарыстар өткізу және белсенді қауымдастық құру арқылы осы бағыт бойынша олимпиадаларға қатысушылардың нәтижелерін жақсартуға ықпал ету.

 

Чемпионат жеңімпаздары: 

Taimas Korganbayev (1 орынды иеленді және 600 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Айбар Қуанышбай (2 орынды иеленді және 400 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Назарбек Алтыбай (3 орынды иеленіп, 210 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық иегері атанды)

 

Чемпионаттың жүлдегерлері: 

 

Әлихан Зиманов (4 орынды иеленді және 160 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Дінмұхамед Шорманхан (5 орынды иеленді және 130 000 теңге көлемінде ақшалай берілді)

Парасат Қызырқанов (6 орынды иеленді және 130 000 теңге көлемінде ақшалай берілді)

Диас Аспандияров (7 орынды иеленді және 110 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Мансұр Мұқымбеков (8 орынды иеленді, 110 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алған)

Adilkhan Muratov (9 орынды иеленді және 110 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Максим Цой (10 орынды иеленді және 110 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Рамазан Пердебай (11 орынды иеленді, 90 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Нархан Қамзабек (12 орынды иеленді және 90 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Абай Баймұқанов (13 орынды иеленді және 90 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Әлішер Қазтаев (14 орынды иеленді және 90 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

Владислав Посин (15 орынды иеленді және 90 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді)

 

Чемпионат өңірлері бойынша жүлдегерлер атанды:

Мұхаммедариф Сахмолдин (Орталық-Шығыс өңірінде 1 орын алып, 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Мансур Таймас (Батыс аймағы бойынша 1 орын алып, 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Жасын Генай (Солтүстік өңірде 1 орын алып, 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Нұрислам Сырғабаев (Оңтүстік өңірде 1 орын алып, 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Абзал Бекежан (Орталық-Шығыс өңірінде 2 орын алып, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Nuraly Serikbay (Оңтүстік өңірде 2 орын алған және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Асанәлі Серікбек (Солтүстік өңірде 2 орын алып, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)

Александр Ершов (Батыс өңірінде 2 орын алып, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды)