2023 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 273814 теңгені құрады. 2022 жылғы
II тоқсанға атаулы жалақы индексі – 117,6%, нақты жалақы индексі – 100,5% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 421276 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,5 есе жоғары), ақпарат және байланыс саласында – 362450 теңге (1,3 есе), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметкерлері үшінші орында, олардың жалақысы 351656 теңгені құрады (орташа облыстық деңгейден 1,3 есе жоғары).
Төмен жалақы деңгейі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар қызметкерлерінде қалыптасты – 63119 теңге, ол орта есеппен облыс бойынша көрсеткіштен 4,3 есе кем, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету саласында – 135114 теңге, орташа облыстық көрсеткіштен 2 есе кем. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласының жұмыскерлері айына 142367 теңге табыс алды, ол орта есеппен облыс бойынша көрсеткіштен 1,9 есе кем.
Негізгі экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақы