2023 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 317958 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2022 жылдың тиісті тоқсанына 118,1%, ал нақты жалақы индексі 101,7% құрады.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы өнеркәсіпте - 532104 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,7 есеге асты), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 1306354 теңге (4,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 441646 теңге (1,4 есеге), құрылыс - 397694 теңге (1,3 есеге асты), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметінде - 376287 теңге (1,2 есеге асты), көлік және жинақтау - 374322 теңге (1,2 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы көрсетілетін өнер, ойын-сауық және демалыс саласында - 154535 теңге, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 48,6%-ға төмен.
Аудандық бөліністе ең жоғарғы жалақы Бөрлі ауданында белгіленді - 544970 теңге, бұл орташа облыстық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Сырым ауданында мұның шамасы 218201 теңгені құрады, бұл облыс бойынша орташа деңгейден 68,6%-ға төмен.
2023 жылғы II тоқсандағы облыстың аудандары бойынша қызметкерлердің
орташа айлық атаулы жалақысы
Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
www.stat.gov.kz/zko >Жаңалықтар
Орындаушы: Қуанышева Г.Р Тел. +7 (7112) 50-53-07 |
Басқарма басшысы Сариева А.А. Тел. +7 (7112) 50-53-07 |
Баспасөз қызметі: Статистикалық ақпаратты пайдаланушылар-мен және респонденттермен жұмыс басқармасы Тел. +7 (7112) 51-40-33 |
Мекенжай: 090000, Орал қаласы Мұхит көшесі, 50/1 |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті