Қарасай петроглифтері (қола дәуірі-ерте ғасырлар)

Қарасай петроглифтері (қола дәуірі-ерте ғасырлар)

Қарасай петроглифтері Қарасай шатқалында орналасқан. Суреттер шатқалдың орта тұсындағы биік жартастарға, аздаған бөлігі қырдағы тастарға ойып салынған. Жартастарда тауешкі, бұғы, елік, түйе, бұқа, адамдар бейнелері қашалған. Суреттер отызға жуық тастың беттерінде кездеседі. Тастар табиғи өзгерістерге ұшыраған.