ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ МЕМОРИАЛЫ

ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ МЕМОРИАЛЫ

Ықылас Дүкенұлы мемориалы- тарихи және сәулет өнері ескерткіші. Ықылас Дүкенұлы мемориалы Жаңатас-Тараз-Шолаққорған (Жамбыл облысы) автожолдарының қиылысындағы ауылдың оңтүстік шетінде орналасқан. Мемориал 1993 ж. халық күйші-қобызшысы Ықылас Дүкенұлының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында тұрғызылды. Ықылас Дүкенұлы мемориалының құрылысы қабырғаларында майшам-(шырақтар) қоятын қуыстар жасалған; интерьерінің ортасында жазбалары бар мемориалды тақта орнатылған. Мұнда Ықылас Дүкенұлыжерленген бейіттен бір уыс топырақ әкелініп, мемориал басына құлпытас орнатылды. Ықылас - қазақтың атақты күйші қыл қобызшысы, композиторы, Қорқыт атадан кейін қылқобызда ойнауды жаңартқан дүлдүл шебері. Қазақ халқының рухани өміріне өзгеріс енгізген өнер иесі.