Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Талас ауданы Майтөбе ауылында Берікқара ауылдық округінің тұрғындарымен «Ономастика мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында басқарманың ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің бас маманы А.Исқалиева ономастика саласындағы заңнамалар, атау беру және қайта атау кезінде «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдері басшылыққа алынатындығы түсіндіріліп, тұрғындар Қ.Сейдахметов, Ж.Сағындықова, Б.Сатымбекова тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.