Талас ауданы Қасқабұлақ ауылының тұрғындарына облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы әзірлеген «QazOnline» мобильдік қосымшасы арқылы қазақ тілін қарапайым деңгейде үйрену жолдары түсіндірілді.
16 сабақтан тұратын қосымшада жаңа сөздер, оқылым, грамматика, жазылым, тыңдалым және өзін-өзі тексеру бөлімдері мен оларды бекітуге арналған тапсырмалар бар. Бос уақытты тиімді пайдалану үшін қосымшаны «Play Market» арқылы немесе арнайы QR код арқылы ұялы телефондарына жүктеп, кез келген уақытта тіл үйренуге болатындығы көрсетілді.