
«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова және жұмыс тобы Талас ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің қоғамды топтастыру, елді біріктірудегі рөлі, мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тіліне айналдыру және этностық топтардың тілдерін дамыту бойынша пікір алмасып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ономастика жұмысының критерийлерін, атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдері басшылыққа алынатындығын түсіндірді.
Аудан тұрғындары К.Пірман және А.Тұяқбаева тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.