«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету

«Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету

‼️Құрметті туроператорлар,"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызметті) жүзеге асыру үшін туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия алу қажет екендігін естеріңізге саламыз.
✅ «Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары туралы толық ақпаратты карусельден көре аласыз.

📞Сондай-ақ төмендегі байланыс номерлері арқылы:
8(7262)43-01-64
8(7262)54-17-66

⏳ Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі:
👤Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа,
дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда,
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
🌐порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
(Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақыты аяқталған кезде көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).