Люксембург Ұлы Герцогтігінің Экономика министрлігі арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Экономика министрлігі арасында ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

Қазақстан Люксембургпен ғарыш саласындағы әріптестікті нығайтуда.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин біздің елімізге ресми сапармен келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан үшін стратегиялық маңызды салалардағы ынтымақтастықты тереңдету және инновацияларды дамыту: аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимыл және шалғайдағы елді мекендер үшін жерсеріктік интернет қызметтерін ұсыну мәселелерін талқылады. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар «ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға» қол қойды. Меморандумның мақсаты ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласында ынтымақтастықтың негізін құру, сондай-ақ ақпарат пен тәжірибе алмасу. 

Бұдан бөлек, тараптар ғарыш ғылымы және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу, жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік байланыс, ғаламдық спутниктік навигация, ғарыш инфрақұрылымын пайдалану, сондай-ақ ғарыш аппараттары мен олардың жиынтықтауыштарын жобалау және әзірлеу және т. б. салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. 

Бағдат Мусин Меморандумға қол қою біздің ғарыш қызметі саласындағы екіжақты қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді. 

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт ұйымындағы Өкілдігінің Басшысы Марғұлан Баймұхан және Люксембург Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жорж Фабер қатысты.