Алматыда Байланыс саласындағы өңірлік достастық комиссиясының 23-ші отырысы өтті

Алматыда Байланыс саласындағы өңірлік достастық комиссиясының 23-ші отырысы өтті

Министрлік өз құзыреті шеңберінде радиобайланыс мәселелері бойынша Халықаралық электр байланысы одағымен және Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен өзара іс-қимыл арқылы радиожиілік спектрін реттеу және оны тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Мәселен, 22-26 мамыр аралығында Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен бірлесіп, Алматы қаласындағы «Novotel city center» қонақ үйінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мен оның жұмыс топтары үшін радиожиілік спектрін (РЖС) және спутниктік орбиталарды (СО) пайдалануды реттеу жөніндегі Байланыс саласындағы өңірлік достастық комиссиясының (БСӨД) 23-ші отырысы өткізілді.

Отырыс Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Асхат Елубайұлы Оразбектің қатысуымен өтті. Сондай-ақ отырыста БСӨД атқарушы комитетінің бас директоры Нурудин Насретдинович Мухитдинов және Халықаралық электр байланысы одағы Радиобайланыс бюросының директоры Марио Маневич құттықтау сөз сөйледі.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық аренада қатысушы елдердің байланыс әкімшіліктерінің үйлестірілген ұстанымдарын әзірлеу, ұлттық және өңірлік деңгейлерде мүдделерді қорғау, өңірдегі телекоммуникация саласының дамуына оң әсер ететін БСӨД байланыс әкімшіліктері арасында тәжірибе алмасу. Бұл аймақтағы телекоммуникация саласының дамуына оң әсер етері анық.

Отырыс аясында келесі мәселелер талқыланды:

-РЖС және СО бойынша БСӨД комиссиясының 22-ші отырысының шешімдері және Комиссияның 23-ші отырысының негізгі міндеттері;

-Өңірлік электр байланысы ұйымдарында ВКР-23 және АР-23-ке дайындық;

Отырыс жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мемлекеттерінің байланыс әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ МӘС, 1-ші өңірдің Халықаралық әуесқой радио Одағының (IARU-R1), Inmarsat, Huawei, Policy Impact Partners (PIP), БСӨД атқару комитетінің, «Қазақтелеком АҚ», «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, Kcell АҚ және Freedom Telecom өкілдері қатысты.