Министрлік «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдады

Министрлік «Халық заңгері» республикалық  акциясы аясында азаматтарды қабылдады

26 мамырда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық ХҚКО базасы негізінде «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды қабылдады.     

Азаматтарды қабылдауға Министрлік аппаратының басшысы А.Ш. Кенжеғалиев, Телекоммуникация комитетінің төрағасы Е.Б. Мейрамов, Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары А.А. Юсупова және Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Т.С. Мұстағұлов, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Қазақтелеком» АҚ және «Кар-Тел» (Beeline сауда маркасы), «Мобайл телекомсервис» ЖШС (Алтел, теле-2 сауда маркалары), «Ксел» АҚ (Ксел, Актив сауда маркалары) байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Азаматтарды қабылдау барысында елорда тұрғындарына Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер, атап айтқанда, байланыс және интернет сапасы, жылжымайтын мүлік, сәулет, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жақсарту мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Кейбір мәселелер бойынша жазбаша өтініштер қабылданды.

Жалпы, осы акция аясында 20-дан астам азаматқа кеңес берілді.