2023 жылғы 22-23 мамыр аралығында Астана қаласында Орталық Азия және Моңғолия елдерінің өкілдері үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қауіпсіздік бойынша қосалқы-өңірлік тренингтер өтуде.
Іс-шара Ұлыбританияның қолдауымен Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Тренинг Әзірбайжан, Армения, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Нидерланды және Тәжікстаннан келген киберқауіпсіздік саласындағы сарапшыларды жинады. Іс-шара киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өңірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған халықаралық ынтымақтастық үшін маңызды алаңға айналды.
Тренингтің ашылуы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Серікұлы Жамбакиннің, Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшісі, Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық офисі басшысының орынбасары қатысуымен өтті.
А.С. Жамбакин өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасуда және киберқылмыспен үйлестірілген күресте белсенді ынтымақтастыққа ұмтылысын атап өтті, сондай-ақ бірлескен күш-жігер азаматтар мен бизнес-сектор үшін қауіпсіз және тұрақты цифрлық әлем құруға көмектесетініне сенім білдірді.
Тренингтің мақсаты білім мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылау үшін платформа құру болды.