Жамбыл облысындағы «ZHEIF-2023» инвестициялық форумының жобаларын басқару бойынша пленарлық сессия отырысының қорытындысы

Жамбыл облысындағы «ZHEIF-2023» инвестициялық форумының жобаларын басқару бойынша пленарлық сессия отырысының қорытындысы

2023 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл облысындағы «ZHEIF-2023» инвестициялық форумы аясында «Мемлекеттік сектордағы жобалық менеджментті дамыту» пленарлық сессиясының отырысы өтті.

Бұл пленарлық сессия отырысына жобаларды басқару жөніндегі уәкілетті орган саналатын ЦДИАӨМ Жобаларды басқару саясаты департаментінің өкілдері, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Жобалық қызмет орталығының өкілдері, 27 орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалық кеңселері, жоба менеджерлерінің одағы қатысты.

Пленарлық сессия отырысы барысында Қазақстанда жобалық менеджментті енгізудің өзекті мәселелері және даму тенденциялары, бүгінгі таңдағы жобаларды басқарудың жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктері талқыланды, мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық менеджментті енгізу және дамыту мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерінің цифрлық жетілдірілу мәселелері, жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесін дамытудың мәселелері мен перспективалары қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобаларды басқару мен пайдалануды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың жедел мониторингі мен өзара іс-қимылының процестері мен тетіктері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Үлгілік негізгі бағыт жобаларының топтары (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жобалар тобы) арқылы жүзеге асырылатыны анық көрсетілді.

Мемлекеттік басқару академиясының өкілімен бірге мемлекеттік сектордағы бәсекеге қабілетті жоба менеджері қандай болуы керек екенін қарастырылды.

Пленарлық отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып,  тәжірибелерімен бөлісіп, байланыс орнатты.

Анықтама:

«Мемлекеттік сектордағы жобалық менеджментті дамыту» пленарлық отырыстың спикерлері:

Цеховой А.Ф., техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Жоба менеджерлері одағының президенті

Шварцкопф И.А., Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобаларды басқару саясаты департаментінің директоры

Орсариев А.А., «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Жобаларды қолдау орталығының басшысы

Аяғанова С.С., Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметі талдау жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы

Ташенова Г.А., «Жамбыл облысының жобаларды басқару және цифрландыру орталығы» КММ басшысы

Евниев А.К., «Yevniy Consulting Group» ЖШС бас директоры»

Сулейменова Т.О., Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы

Кездесуге модераторлық етті:

Тасбергенова Г., өнер менеджменті PhD, «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК Мониторинг және жобаларды басқару орталығының менеджері

Шалдарбеков Қ., жобаларды басқару PhD