Елімізде байланыс саласындағы арнайы ақпараттық ресурс іске қосылады

Елімізде байланыс саласындағы арнайы ақпараттық ресурс іске қосылады

ҚР ЦДИАӨМ маусым айында еліміздің барлық азаматы үшін цифрлық интерактивті картаны іске қосады.

Негізінен, бұл карта Қазақстан Республикасының елді мекендерінде қолданыстағы телекоммуникация желілерін және мобильді және тіркелген байланысты дамыту жоспарларын көрсететін болады. Сондай-ақ, бұл картада байланыс желілерін өлшеу, қабылданған шаралар (әкімш.айыппұл, бұзушылықтар болған жағдайда, сол бұзушылықтарды жою мерзімдері)  және байланыс сапасын жақсарту жөніндегі басқа да деректер туралы өзекті ақпарат орналастырылады. Еліміздің әрбір тұрғыны өз елді мекенін тауып, оның әртүрлі байланыс технологияларымен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ операторлардың тиісті жоспарлары туралы біле алады.