Қазақстанның цифрландыру саласының тәжірибесіне шетелде қызығушылық танытуда

Қазақстанның цифрландыру саласының тәжірибесіне шетелде қызығушылық танытуда

Осы күндері Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Америка Құрама Штаттарында жұмыс сапарында жүр.

Сапар аясында Бағдат Мусин комиссияның 67-ші сессиясына қатысты. Ол әйелдер істері жөніндегі комиссияның сессиясында Орталық Азия- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан атынан баяндама жасады.

“Соңғы уақытта  біздің елдеріміз қаржылық технологиялар және цифрлық қызметтерді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Біз осы саланы дамыту арқылы гендерлік теңдік тақырыбын көтеруді жалғастырып келеміз, IT-технологиялар саласындағы әйелдердің кәсіпкерлігін белсенді түрде қолдуға тырысамыз, стартап-жобаларды алға жылжыту, ілгерілету және осы салада оқыту үшін тең мүмкіндіктерді қарастырамыз”,- деп атап кетті.

Бағдат Мусин қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді. Негізінен, бұлар- әлемдік технологиялық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтар, сондай-ақ американың ЖОО оқитын студенттер.

Бағдат Мусин Proskauer халықаралық заң компаниясының технологиялар, медиа және телекоммуникациялар тобының тең жетекшісі Джеффри Нойбургермен келіссөздер жүргізді.

БҰҰ-дағы іс-шаралар алаңында халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездесу өтті.

Кездесу барысында еліміздің аумағын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді өзектендіруге байланысты мәселер талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа елдерге оперсорз форматында қазақстандық өнімдерді ілгерілетуді көздейтін Govstack бастамасына қосылуға дайын екендігі жеткізілді.

Сонымен қатар, Бағдат Мусин БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас хатшының технология мәселелері жөніндегі өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстанның цифрлық дамуы, TechOrda бағдарламасы және govtech платформасы, сондай-ақ "Invisible Government" енгізу мәселелері қозғалды. Қазақстан цифрлық ынтымақтастықтың Жол картасында баяндалған барлық бағыттар бойынша күш салуда.

Нью-Йорк қаласында тағы бір кездесу экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінде (UNDESA)  Ли Цзяньхуанмен, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарымен өтті.

“Біз Қазақстанда электрондық үкіметтің дамуын және қабылданған АКТ саласын трансформациялау тұжырымдамасын талқыладық. Трансформациялау тұжырымдамасы үкіметті цифрлық трансформациялау (G2C, G2B, G2G), АКТ-ны дамыту, инфрақұрылымды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік секілді түрлі аспектілерді қамтиды. Бұл тұжырымдаманың мақсаты – адамға бағдарланған инновациялық мемлекеттік басқару жүйесін құру.

Жалпы кездесу жемісті де қызықты өтті және талқыланған кейбір идеялар жақын арада іске асырылады деп үміттенемін”,- деп атап өтті.