Мемлекеттік кірістер органдарындағы байланыссыз режим

Мемлекеттік кірістер органдарындағы байланыссыз режим

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті елдегі төтенше жағдайға байланысты, COVID-19 коронавирусті инфекцияның таралуына қарсы іс-шаралар аясында мемлекеттік кірістер органдары байланыссыз жұмыс режиміне өткендігін хабарлайды.

Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерге телефон арқылы кеңес беру қызметтерін көрсету үшін Байланыс орталықтары қызмет жасайтындығын тағы да естеріңізге саламыз.

Жүгінуге болатын барлық байланыс телефон нөмірлері, оның ішінде аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларың телефондары Мемлекеттік кірістер департаментінің әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында орналастырылған.

Сонымен қатар, Сіз салық және кеден заңнамалары бойынша кеңестер алу үшін 22-56-51 телефон нөміріне немесе Департаменттің WhatsApp месенджері - 8 701 602 73 44 нөміріне хабарласа аласыз (жер салығы, мүлік және көлік салықтары бойынша).

Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаментінің әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте) парақшалары (аккаунттар) және ШҚО бойынша МКД Департамент сайтының «Жаңалықтар» бөлімі әрекет етеді. Онда  салық және кеден заңнамаларының нормалары бойынша өзекті материалдары үнемі орналастырылып отырылады. Оған келесі сілтемелер арқылы жазылуға болады:

 

http://vko.kgd.gov.kz/ru

https://www.facebook.com/dgdvko/?ref=bookmarks https://twitter.com/dgd_vko

https://vk.com/dgdvko

https://www.instagram.com/dgd.vko/

https://t.me/dgd.vko

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарағандықтарыңызға ризашылығын білдіреді және салық төлеушілер тарапынан түсіністік пен ынтымақтастық білдіретіндіктеріңізге үміттенеміз.

Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық тілейміз!