Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - ШҚО МКД) Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің халықпен байланысын шектеу бойынша шаралар қабылдауда.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының барлық мемлекеттік кірістер органдарында жарияланған төтенше жағдайды ескере отырып, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тек электронды қызметтер арқылы көрсетіледі (Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері, Egov.kz). Сонымен қатар, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының сервистік орталығында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету терминалына қол жетімділік шектеулі.

Салық есептілігін ұсынуға қатысты, біз 2019 жылға СЕН-ын ұсыну мерзімі 30 күнтізбелік күнге ұзартылғандығын хабарлаймыз, яғни электрондық түрде ұсынылған жағдайда, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін. Бұл ұзарту 2019 жылға арналған салық есептілігінің келесі нысандарын - 100.00, 110.00, 150.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 920.00 ұсынуға қолданылады. Сонымен қатар, салық төлеушілерден ұзарту туралы мәлімдемелер немесе хабарламалар ұсыну талап етілмейді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерге телефон арқылы кеңес беру қызметтерін көрсету үшін байланыс орталықтары жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету, бизнесті тоқтату, жер салығын есептеу тәртібі, мүлік салығы, автокөлік салығы, берешек, шығындар операцияларын тоқтата тұру туралы хабарламалар мен бұйрықтар беру және т.б. кеңестер беріледі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық салық төлеушілерге және олардың отбасы мүшелеріне туындаған жағдайға байланысты денсаулық, шыдамдылық пен түсіністік тілейді.

Өз кезегінде, вирустың таралу қаупін азайту үшін, тиісті мемлекеттік кірістер органдарына бармас бұрын, барлық туындаған мәселелер бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталығында құрылған төменде көрсетілген телефон нөмірлерімен байланысуға кеңес береді.