Шымкенттіктерге 20 мың бетперде тегін таратылды

Шымкенттіктерге 20 мың бетперде тегін таратылды

Шымкент қаласының еріктілері фармацевтикалық компаниямен бірлесе ұйымдастырылған акция аясында 20 мың бетпердені тұрғындарға тегін таратты. Игілікті шара әкімдіктің бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде бетперделер азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деген тапсырмасы негізінде қолға алынды.
Демеушілік көрсеткен «Mega Pharma» ЖШС маскадан бөлек, балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәруменін де таратты. Бетперделер адам көп шоғырланған Арбат демалыс орны мен «Жаңа шаһар» базарында, «Север» сауда үйі маңында, Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратылды.Қайырымды шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.