243 медицина қызметкері вакциналарды тиімді басқару бойынша оқытудан өтті

243 медицина қызметкері вакциналарды тиімді басқару бойынша оқытудан өтті

Ағымдағы жылдың 7-13 ақпан аралығында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен және «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалымен бірлесіп, қызметі вакциналарды басқарумен және суық тізбекпен байланысты медицина қызметкерлері үшін «Вакциналарды тиімді басқару және суық тізбекті сақтау» тақырыбында онлайн-тренингтер өткізді.   

Тренинг бағдарламасы теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, вакциналарды басқару мен суық тізбектің негізгі аспектілерін қамтыды.

Оқыту қолданыстағы суық тізбек жүйесін нығайту және осы сала мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында жүргізілді.

Семинар-тренингке 243 медицина қызметкері қатысты.