Көлік қызметкерлері арасындағы эпидемиологиялық жағдай

Көлік қызметкерлері арасындағы эпидемиологиялық жағдай

2022 жыл ішінде Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауындағы объектілерде инфекциялық, паразиттік аурулар және аса қауіпті, карантиндік инфекциялар бойынша қолайлы эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

Көлік кәсіпорындары қызметкерлері мен жолаушылар арасында карантиндік, аса қауіпті инфекциялар, полиомиелит, менингококк инфекциясы, іш сүзегі мен паратифтер, жіті вирустық «Е» гепатиті, созылмалы вирустық «В» және «С» гепатиттері, топтық ішек инфекциялық аурулары және қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтанумен байланысты тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы және жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 1,8 есе төмендегені байқалды.

Сонымен қатар, жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 8,0 есе, «А» вирустық гепатиті – 3,0 есе, туберкулез – 1,5 есе өсуі байқалды.

Сонымен қатар, жолаушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының 29 жағдайы және тері түріндегі сібір жарасына күдік туындағаны анықталды.

Науқастардың жұмыс орны бойынша жұқпалы аурулар ошақтарында және жолаушылардың жүру жолында Департаменттің және бөлімшелік басқармалардың мамандары уақтылы жүргізген санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде ошақтар оқшауланды.